• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2013

Financial Times: «Судья Тир «БТА Банк» әлі де өзінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбіләзов пен оның сыбайластарынан 2 млрд. доллар өндіре алады деп шешті».

219 рет
көрсетілді

Financial Times: «Судья Тир «БТА Банк» әлі де өзінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбіләзов пен оның сыбайластарынан 2 млрд. доллар өндіре алады деп шешті».

Бейсенбі, 21 наурыз 2013 0:20

Британдық Financial Times газеті осылай деп жазады. Онда: «Лондонның Жоғарғы соты қазақстандық ««БТА Банк» өзінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбіләзов пен оның сыбайлас­тарынан 2 млрд. долларды актив түрінде өндіре алады» деп айтылған. Іс бойынша соңғы шешімде судья Тир БТА-ның пайдасына үш талап арыз бойынша шешім шығарғандығы белгілі. БТА Әбіләзовтен оның ұрлап алып кеткен миллиардтаған долларларын қайтаруды көздейді, сондықтан олар алаяқтың қылмысын толық айқындап беріп отыр.

Жалпы, БТА сот қарауы барысында Әбіләзов банктен қара­жаттарды төлемді қамтамасыз ету жолымен өзіне бағынышты және өзінің тікелей бақылауындағы оффшорлық компаниялар арқылы шығарған дейді. Бұл оқиғалар Қазақстанда орын алғанымен, Әбіләзов және оның бір сыбайласы Лондонда тұратын болғандықтан талап арыздар жоғары сотқа осыдан үш жыл бұрын берілген еді.Таяудағы шешім соттың бұрынғы 2 миллиард долларға шығарылған қаулысына қосымша болды. Онда судья Тир «БТА Банк» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбіләзовке қатысты 2 млрд. долларды пайыздық өсіммен өндіруге шешім шығарған болатын. Сонымен қатар, бұған қоса банк басқармасының бұрынғы төрағасы Роман Солодченкодан 0,4 млрд. доллар өндіру туралы да шешім шығарылды.Естеріңізге сала кетейік, «БТА Банк» 2009 жылы тамыз айында бенефициары Әбіләзов болып табылатын компаниялар активтеріне тоқтам салынғандығы туралы қаулы алған еді. Бұған қоса сот кәсіпкерге ешқайда кетпеу туралы шектеу қойған болатын. Алайда, 2011 жылы мамыр айында «БТА Банк» Әбіләзовтің соттың шешімдерін орындамай отырғандығын айтып, талап арыз түсірді. Сол сияқты бұрынғы банкирге өзінің активтері туралы жалған мәлімет берді деген кінә де тағылды. Сөйтіп, талап арыз беруші Әбіләзовтің Лондонның Жоғары сотын сыйламағандықтың  30 жағдайын тіркеп, көрсетіп берді.Ал Мұхтар Әбіләзов болса, әлі күнге өзінің қудалануын саяси астармен түсіндіреді. Ол өзін қазақстандық билік режімнің сая­си оппоненті ретінде көрсетіп бағуда. Бұл ескерусіз де қалмай тұр, өйткені, британдық билік оған саяси баспана бергені белгілі.