• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2019

Тұрмысты түзету мүмкіндігі

409 рет
көрсетілді

Президенттің Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлығы ел-дегі әлеуметтік-экономи­калық жағдайды жақсартып алуға берілген мүмкіндік. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдар­ламасында айтылған, партияның алға қойған міндеттерімен сәйкес келіп отыр. Өйткені, мақсат – халықтың жағдайын жақсартуға жол ашу.

Екінші жағынан, біздің экономика­да «қарыз құдығы» деген түсінік бар. Сатис­тика бойынша халықтың негізгі бөлі­гі яғни 60-70 пайызының несие төлеу қабі­леті төмен. Мұндай күрделі мәселені қар­жы­лық шешімдер арқылы алдын алмай­тын болсақ, мемлекет үшін күрделі мәселеге айналуы мүмкін. Яғни несие тұңғиығына батқан халықтың көбеюі елдегі әулеметтік құрылымның өзгеруіне әкеледі. Одан кейін қылмыстың да саны артады. Айта кетерлігі, қандайда бір ипотекалық, иә болмаса автонесие алғандарды емес, тұрмысына қа­жет­тіліктен алынған кепілсіз несиелерге кеші­рім жасалмақ. Сондықтан бұл бастаманы Мемлекет басшының әлеуметтік сала­ны дамытуға арналған шарасы деп атау­ға болады. Жасыратыны жоқ, бір кез­дері екінші деңгейлі банктердің басына қара бұлт үйірілген кез де болды. Олар сыртқы халықаралық қаржы институттары­нан несиені 3-4 пайызбен алып, еліміздегі несие алушыларға 15-20 пайызбен беретін. Кейін қаржылық дағдарыстың сілемі сезіле бастаған кезде таяқтың бір ұшы елдегі екін­ші деңгейдегі банктерге түсіп, олар банкрот болуға шақ қалып еді. Өйткені, олар­дың алған несиелерінің пайыздық мөл­шер­лемелері қайтарылмай, төлем қабі­леті кеміді. Сол тұста мемлекет әртүрлі бағ­дар­ламалар енгізіп, банктерге көмек көр­сеткен болатын. Енді мемлекеттің кезін­де көрсеткен көмегін қайтаратын уақыт келді деп есептеймін. Сонымен қатар бұрын-соңды жасаған қателіктерді қайталамас үшін заң аясында несие алуға кірісі жетпейтін азаматтарға несие бермеу туралы Жарлықта айтылған. Бұл өте орынды шешім. Себебі, бізде кейінгі жылдары онлайн несие беретін жекелей қаржы институттарының саны күрт өсті. Олар несие алатын халықтың жағдайына, кірісіне қарамай, тым жоғары пайызбен қарыз береді. Мысалы, 1 млн теңгеге дейін несие алып, оны төлеуге шамасы 2-3 айға ғана жетіп, қалған уақытта өсімі артып, қарызға белшеден батып жатады. Мұның соңы жағдайдың күрделенуіне әкеп тіремек. Несие алуға шектеу қою − адамдардың жұмыс істеуін ынталандырады. 

 

Бауыржан ИСКАКОВ,

Тұран-Астана университетінің доценті, экономика ғылымдарының кандидаты