"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Жарлық мәтінінде.
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда дүниеге келді. Жамбыл облысының Үшарал ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген. 1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1988 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент. 1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық жұмыстарда болды. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 1999 жылдан - ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары. 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы. 2001 жылдан ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 2008 жылдан - Павлодар облысының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі. 2012-2013 жылдары - «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2013-2016 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2016-2019 жылдары - ҚР Премьер-Министрі. 2019 жылдың 24 наурызынан осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентiне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.