ҚР Үкіметінің Қаулысымен Есин Данияр Нұрашұлы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы бастаған.
Түрлі жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды. 2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасын басқарды.