• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Маусым, 2019

Нұрлан Нығматулин журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығын тапсырды

348 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы мерейлі мерекеге орай, Мәжіліс жыл сайын «Парламент сөзі» сыйлығын тапсырады. Ол биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. 

- Бұл тек сіздердің ғана  емес, бүкіл халқымыздың, еліміздің  ортақ мерекесі деуге болады. Біздің қазақ халқымыз бір сөзбен  мемлекеттік мәселені шешіп, бір сөзбен  халықтың жағдайын жеткізіп, бір сөзбен бүгінді айтып, болашақты  болжаған. Сондықтан, сөз иелері, баспасөз қызметкерлері қай заманда болсын,қай қоғамда болсын ерекше құрметке ие болып табылады. Сол үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік алған күннен бастап, Баспасөздің дамуына ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде, сіздер, әрқашанда елімізге, халқымызға аянбай  қызмет етіп келесіздер, - деді Нұрлан Нығматулин.

Баспасөз қызметкерлерінің ел алдындағы елеулі еңбегіне орай, енді жыл сайын 28 маусым «Бұқаралық ақпарат құралдары» күні болып белгіленді.

Одан әрі Парламент сөзі сыйлығын тапсыру рәсіміне кіріскен Н.Нығматулин арнайы құрылған комиссия жеңімпаздарды алты номинация бойынша анықтағанын атап өтті.

Олар «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – Нұржан Мұхамеджановаға, «За вклад в развитие парламентской журналистики» номинациясы  - Ерлан Бекхожинға, «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы - «КТК» телеарнасының тілшісі Әсел Ауданбаеваға, «За лучший телевизионный сюжет» номинациясы Ирина Камышоваға, («Хабар» телеарнасы), «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясы - Төлен Тілеубайға («Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы), «За лучшую печатную публикацию» номинациясы Асқар Джалдиновқа, («Время» газеті), «Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясы - «Zakon.kz» желілік басылымы, бас редакторы Қайрат Шайхиевке, «За лучший интернет- и радиоматериал» номинациясы «Tengrinews.kz» тілшісі Әсел Сатаеваға, «Арнайы репортаж» номинациясы- «Астана» телеарнасының тілшісі Мөлдір Дюсекинаға, «Специальный репортаж» номинациясы - Гүлнар Ермановаға («Хабар 24» телеарна), «Үздік бейне-сурет материалы үшін» номинациясы - Бахтияр Омаровқа, («Qazaqstan» ұлттық арнасы), «За лучший видео и фотоматериал» номинациясы  Виктор Джигириске (медиахолдинг «Аtameken Business»), ал «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы - «Сарыарқа» телеарнасына (Қарағанды облысы) берілді.  

Салтанатты шара соңында Нұрлан Нығматулин журналистерге шығармашылық табыстар тіледі.