• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Маусым, 2019

Асқар Мамин Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

393 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда облысы мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысты, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қуанышбек Ысқақовты өңір әкімі лауазымына тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, мәслихат депутаттары Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады. Қызылорда облысының активімен кездесуде Үкімет басшысы Қ. Көшербаевқа өңірді дамыту бойынша атқарған елеулі жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа лауазымы –  Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінде сәттілік тіледі.   

- Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысын 6 жыл бойы басқарды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлесін қосты. Осы уақыт ішінде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар іске асырылды. Әлеуметтік саланы дамыту бойынша тиімді шаралар қабылданды, — деді А. Мамин. 

Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстыра отырып, Асқар Мамин Қуанышбек Ысқақовтың өңірлік және орталық деңгейдегі елеулі жұмыс тәжірибесін атап өтті: 2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, ұзақ жылдар бойы ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 

Премьер-Министр Асқар Мамин Қызылорда облысының алдында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың тұрмыс сапасын арттыру және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолда бар әлеуетті іске асыру арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша міндеттер тұрғанын атап өтті. Жаңа әкімге өңір активімен және мәслихат депутаттарымен бірлесіп, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру тапсырылды.