Төтенше жағдай салдарынан үйлері зақымданған Арыс тұрғындары мектепте жасақталған уақытша лагерьде тұра алады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Ресми түрде мәлімдеймін! Ешкім далада түнемейді. Арыс қаласының бастауыш мектебінде үйлері толығымен қираған немесе жанып кеткен тұрғындар үшін уақытша лагерь ұйымдастырылды. Күніне үш рет тамақтандыратын асхана, 800 адамға арналған жатын орын, балалар үшін ойын алаңдары бар», деп жазды С.Қалқаманов Фейсбуктегі парақшасында.