Нұр-Сұлтан қаласында Пушкин және Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы паркте рұқсат етілген бейбіт митинг өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Митингтің заңға сай өтуін полиция қызметкерлері қадағалайды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері де осында жүр. Ал бейбіт шараға келген азаматтар негізінен әртүрлі мәселелерді айтуда. Мысалы, олардың бірі көпбалалы аналар мәселесін қозғаса, екіншісі Атом электр стансасының құрылысына қарсы. Үшіншісі сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлер айтуда. Сөйлеушілерге негізінен 3-4 минут уақыт берілген. Митинг заң шеңберінде өтіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт митинг өтуге рұқсат берілгені туралы жазған едік.