• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2019

Арыстың балалары Баянауылға келді

340 рет
көрсетілді

Таяуда облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасымен өңірде Арыс қаласынан келетін 300 баланы демалыс орындарына орналастыру туралы шешім қабылданған-ды.

Облыстық білім басқарма­сының мәліметінше, екінші ке­зең үшін балаларды қабылдау жә­не ұйымдастыру бойынша же­дел іс-қимыл жоспары әзір­ленген.

Балаларды орналастыру үшін «Қазхром» АҚ ферроқорытпа за­уы­тының, басқарманың «Жас дәурен», «Балдәурен» оқу-са­уық­тыру орталығы, Шарбақты ауда­­ны «Чайка» балалар лагері да­йын­далуда.

Жедел іс-қимыл жоспа­рына сәйкес облыстың білім бас­­қар­­масы, полиция де­пар­таменті, Тауарлар мен қызметт­ердің са­­пасы мен қауіп­сіздігін ба­қылау депар­та­менті, Төтенше жағ­дайлар және денсаулық сақ­тау басқар­масы бірлесіп, атал­ған ор­талықтарда бала­лар­дың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету ша­раларын жүргізуде.

Осында келген балаларға ме­дициналық жәрдем көрсе­тіледі. Оларды музейлерге, бас­қа да мәдени-демалыс орын­дарына апарып, түрлі экскурсиялық тур­лар ұйым­дас­тырылады. Қаржы­ландыру бюд­жеттік жә­не бюджеттен тыс қаражат есе­бінен қам­та­масыз етіледі.

Өткен аптада балалардың алғашқы легі де келіп жетті.

 – Жақсы ұшып келдік! Туған күнімді ұшақ ішінде өткіздім және жаңа жерде қарсы алу күт­пеген тосын сый болды, – дейді Ерлан Асқар.

Жалпы саны 130 бала мен 10 же­текші Баянауылдағы демалыс орындарына жеткізілді.

 Қазір «Жас дәурен» лаге­рінде 6, 7-сынып оқушылары Баян­ауылдың әсем табиғатын қыз­ық­тап, Сабындыкөл, Жасы­бай, Тор­айғыр көлдерінің жаға­сында демалуда.

Алғаш рет ұшаққа мінген, алыс жолға шыққан балалардың бірі Нұрлан Бейсембектің айтуынша, әсем табиғат аясын­дағы жазғы демалыстары бұ­рын­ғы қорқыныштың бәрін ұмыт­­тырып жіберіпті.

Арыс қаласындағы №372 мек­тептің мұғалімі Ақжарқын Кен­жебек балалардың үйлеріне жақсы көңіл күймен оралуына осындай сыйлық жасаған облыс әкімдігіне алғыс білдірді.

 Екінші кезеңде өңірге тағы 170 бала келеді. Бұл кезеңде об­лыс орталығында оқитын «Сер­пін» бағдарламасының сту­денттері тәлімгер және тәрбиеші қызметін атқарады.

 

Павлодар облысы