• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Маусым, 2019

«Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының» Басқарма төрағасы тағайындалды

446 рет
көрсетілді

Кемелбек Ойшыбаев «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Кемелбек Ойшыбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналист және Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Женева бизнес мектебінде (Швейцария) МВА бағдарламасын аяқтаған.

Енбек жолын «Атамұра» республикалық газетінің корреспонденті қызметінен бастаған.

1999-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің «МАТО» РМК-ның жетекші маманы (баспасөз хатшысы).

2000-2001 жылдар аралығында «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС тілшісі. 2001-2007 жылдар аралығында – «Қазақтелеком» АҚ-да бас лауазымдарда қызмет атқарды. 2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін ақпараттық-коммуникациялық бизнес компанияларында бас лауазымдарды қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - «Қазмедиа орталығының» басқарушы компаниясы »ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары.  2016 жылы - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.  2016-2017 жылдары - «Teleradio Corporation Kazakhstan» АҚ Басқарма Төрағасы.  2017 жылдан бастап «Smartway Systems» ЖШС-нің Бақылау кеңесінің төрағасы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.