• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2013

Қолыңмен жасағанды мойныңмен көтер

829 рет
көрсетілді

Қолыңмен жасағанды мойныңмен көтер

Жұма, 19 сәуір 2013 0:40

Мемлекеттік қызметкерлер арасында заңға мойынсынбаушылық, Ар-намыс кодексі талаптарын өрескел бұзушылық әлі де жиі кездеседі. Облыстық тәртіптік кеңес жыл басынан бері талай шенеунікті сабасына түсіріп, басқаларға сабақ боларлық шара көрді.Жамбыл ауданының прокуроры Шоқан Құлдановтың хабарламасы тәртіптік кеңес мүшелерінің жағаларын ұстатқандай болды. Ол Благовещенка ауылдық округінің әкімі Тұрмыс Иманжановтың кінәсін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп берді. Сөйтсе, ауыл ішінде қызметтік көлікті жүргізіп келе жатқан оны жол полицейлері тоқтатып, ішімдік ішіп алғанын анықтаған. Әкімшілік хаттама аудандық сотқа жіберіліп, 2 жылға көлік жүргізу құқынан айырылған. Оның моншадан кейін жарты бөтелке сыра ішкенімді жа­сырмаймын.

Жұма, 19 сәуір 2013 0:40

Мемлекеттік қызметкерлер арасында заңға мойынсынбаушылық, Ар-намыс кодексі талаптарын өрескел бұзушылық әлі де жиі кездеседі. Облыстық тәртіптік кеңес жыл басынан бері талай шенеунікті сабасына түсіріп, басқаларға сабақ боларлық шара көрді.Жамбыл ауданының прокуроры Шоқан Құлдановтың хабарламасы тәртіптік кеңес мүшелерінің жағаларын ұстатқандай болды. Ол Благовещенка ауылдық округінің әкімі Тұрмыс Иманжановтың кінәсін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп берді. Сөйтсе, ауыл ішінде қызметтік көлікті жүргізіп келе жатқан оны жол полицейлері тоқтатып, ішімдік ішіп алғанын анықтаған. Әкімшілік хаттама аудандық сотқа жіберіліп, 2 жылға көлік жүргізу құқынан айырылған. Оның моншадан кейін жарты бөтелке сыра ішкенімді жа­сырмаймын. Мектептегі қа­зандық істен шықты деген суыт хабар жеткен соң рульге отырғаным рас. Әйелі ауырып қалғандықтан, жүргізуші сұ­ра­нып кеткен еді, деген сөзі ешкімді иландыра қоймады. Өйт­кені, талқылау барысында сот шешіміне қарсы талап арыз түсірмегені белгілі болды. Қыстың суығында түн қатып, мемлекеттік қызметте жүргенін көлденең тартып, қанша ақталса да, қатаң сөгіс арқалауына тура келді.

Ал Тимирязев ауданы­ Ми­чурин ауылдық округі аппа­ра­тының жетекші маманы Гали­на Василенконың мына әре­кеті екі жеп, биге шықпақ бол­ған пысықайдың тірлігіне келіңкірейді. Ауруханада ста­цион­арлық ем-дом алып жатқа­нына қарамастан, қандай түлен түрткенін кім білсін, еңбек табе­лі­не толық жұмыс күндерін қон­дырып қоюды ұмытпаған. Сөйт­се, бухгалтердің болмағанын жеке бас мүддесіне ұтымды пайдаланып, 126 мың теңгені қалтаға басқан. Осылайша, өз өкілеттігін асыра сілтеп жүріп құрыққа қалай ілінгенін білмей қалған. Оны қызметінен шеттетуге шешім алынды.

Тайынша аудандық білім бөлімінің бастығы Еркін Оразов та заңды белден басқаны үшін тиісті жазасын алып, қызметінен босатылатын болды. Ол оқушылардың оқу орнын өзгертуіне ата-аналардың арнайы рұқсаты міндеттілігін біле тұра, ақылдасуды жөн көрмеген. Аудан орталығында тып-тыныш оқып жатқан екі оқушыны негізгі мектепке ауыстыру туралы мектеп директорларының өтінішіне елп ете қалған. Оның бұл пиғылының арғы жағында балалардың санын қолдан көбейту арқылы білім үйлерін еш себепсіз сақтап қалу әрекеті жатқаны әшкереленді.Тәртіптік жауапқа тар­тыл­ғандардың арасында мәселені байыппен, әдеппен шешудің орнына, балабақшаның бүл­діршіндері тәрізді төбе­лесе кетуге құмартып тұратындары жоқ емес. Олардың қата­рына Тайынша ауданы, Дра­гомировка ауылдық округінің әкімі Әділбек Өтеубаев пен Келлеровка ауылдық округі аппаратының бас маманы Дмитрий Зай­нул­линді қосуға болады. Бұл екеуінің өзара ерегісіне жол­дың қардан тазаланбауы себеп болғанға ұқсайды. Сірә, күштері бойларына сыймаған болулары керек, алдымен былапыт сөздермен айызы қанғанша балағаттасып алып, оның соңы рингтегі боксшылардың алма-кезек соққыларына ұласып кеткен. Сот шешімімен екі тарап бейбіт ымыраға келсе де, жуан жұдырық иелерінің біріне қатаң сөгіс, екіншісіне сөгіс жарияланды.«Бір қызым бір қызымнан сорақы» демекші, Петропавл қалалық әкімдігі заң бөлімінің бас маманы Жанат Рахметовтің мына әрекеті мемлекеттік қызметкердің абырой-беделіне үлкен нұқсан келтіргені анық. Атап айтқанда, жер инспекция­сына жалған ұйғарым әзірлеу мақсатымен небір қитұрқылыққа барған. Ол үшін арнайы бланкке қала прорурорының қолын қою­дан шімірікпеген. Оның өзіне тағылған кінәні мойын­дау­дан бас тартқанына қара­мастан, заң талаптарын өрес­кел бұрмалауы сот-медицина сараптамасының қоры­тын­дысы арқылы қуатталған.Облыстық тәртіптік кеңес мүшелері алдағы уақытта да тәртіп пен талапты одан әрі қатайтып, мемлекеттік қызметкерлердің заңға деген құрмет сезімін нығайтуды басты мақсат етіп отыр.Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».Солтүстік Қазақстан облысы.