• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Шілде, 2019

Дуатлонға 75 жастағы Залмұқан Арынов та қатысты

366 рет
көрсетілді

Облыс орталығында еліміздің астанасының 21 жылдығына орай 21 шақырымдық дуатлон ұйымдастырылды.

Қаладағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесінің қиылысынан басталған жарысқа 300-ге жуық спортшы қатысты.

Спортшылар алдымен 5 шақырымдық қашықтықты жаяу жүгіріп, одан соң 16 шақырымды велосипедпен жүріп өтті.

Дуатлон сайысына Ақсу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы 75 жастағы  Залмұқан Арынов та қатысты.

- Адам жасы егделеген сайын дене жаттығуларын көбірек жасағаны дұрыс. Спорт-денсаулық кепілі. Жарыстарға жиі қатысамын. Барлық  тұрғындарды спортпен айналысуға шақырамын, - дейді ақсақал.

Ал,  21 шақырымдық жарыста сынға түскен 300 спортшының арасынан «Бизнес-колледж»с студенті Қысса Түсіпбаев 44 минут, 21 секундта мәре сызығын кесіп өтіп, чемпион атанды.

Қала тұрғыны Денис  Забяка 46:43 уақыт көрсеткішімен  екінші орынды жеңіп алды.

Сайысты 47:22 уақыт ішінде аяқтаған Руслан Шакратов қола медаль иеленді.

Әйелдер арасында 21 шақырымды Ирина Быкова  52:56 уақыт жүгіріп өтті. Күміс жүлдені Татьяна Мирогородская, үшінші орын Хадишат Цечоеваға бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыс әкімі Болат Бақауов құттықтап, медальдармен Алғыс хаттармен марапаттады.