Отандық ғалымдар «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – ҚТО) базасында тез қататын және жоғары тұтқырлы мұнайды тасымалдауда есептеу, жоспарлау және оңтайландыру жүйесін құрды, сондай-ақ ҚТО кәсіпорындарында SmartTran магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың бірегей отандық сандық технологиясы енгізілген.
SmartTran бағдарламалық жасақтама нақты уақыт режімінде диспетчерлік басқармадан алынған деректерді өңдейді, оларға мониторинг пен ыңғайлы тұрпаттағы визуализация жүргізеді. Айта кету керек, бұл инновациялық зерттеу мұнай айдаудың энергия үнемдеу тәртіптерін есептеу және мұнай құбырының тоқтау қауіпсіздік уақытын белгілеу бойынша функционалын қамтиды. Жиынтығында магистральдық мұнай құбырын пайдаланудың сенімділігі мен жұмысының тиімділігі ұлғая түседі.
Бұл инновациялық технология ҚТО-ға әлеуметтік экономикалық басым мәселелерді шешумен бірге, ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруын қамтамасыз етті.
Отандық ғалымдар Е.Қ.Бейсембетов, Т.Т.Бекібаев, Ұ.Қ.Жапбасбаев, Б.К.Кенжалиев (Сәтбаев университетінің ғалымдары) және Е.Махмотов, Б.К.Саяхов («ҚазТрансОйл» АҚ-ның ғалымдары) мұнай құбырлары арқылы тасымалдауда отандық цифрлы технологияның табысты қолдануын көрсетті.
Осы жұмыстың авторлары жасаған SmartTran бағдарламалық жасақтамасы мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауды оңтайлы басқару жүйесін анықтау және энергияны үнемдеу мәселесінің шешімін анықтады. SmartTran бағдарламалық жасақтамасы оған ұқсас көптеген шетелдік бағдарламалармен салыстырғанда келесі артықшылықтарға ие:
1. Депрессорлық қоспаны қолдану арқылы тез қататын мұнайды тасымалдауда энергия үнемдеу сорғы агрегаттарының оңтайлы режімдері арқылы анықталды;
2. Қыздыру пештерінің үнемді жұмыс істеуін мұнай құбырының гидравликалық және жылулық көрсеткіштеріне байланысты мұнай қоспасын ыстық айдаудың оңтайлы температурасы анықталды;
3. Жанармай мен электр энергиясы тарифтерінің айырмашылығын ескере отырып, мұнай қоспаларын тасымалдаудың технологиялық режімдерінің экономикалық тиімділігі анықталды.
Жұмыста келтірілген және практикада бекітілген нәтижелердің қорытындысы «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры бағыттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» жұмысы мен оның авторларының 2019 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына әбден лайықты екенін көрсетеді.А.Құлтумиев,
«ҚазТрансОйл» АҚ
Бас директорының орынбасары