• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2019

Жетісулықтардың салыққа берешегі 2 миллиард теңгеден асты

479 рет
көрсетілді

Алматы облысы тұрғындарының жер, көлік және мүлік салықтары бойынша қарызы 2 миллиард теңгеден асып отыр. Бұл жайында аймақтың мемлекеттік кіріс органы хабарлады.

Салық төлемдеріне қатысты мәліметтерді жария еткен кіріс комитетінің өкілдері жетісулық 5219 жеке тұлға 29,0 млн теңге сомасындағы мүлік салығын төлемеген. Ал жер салығы бойынша 631 жеке тұлғаның 2,0 млн теңге қарызы бар. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша да 108 036 жеке тұлғаның 2 159,0 млн теңге шамасында берешегі бар екен.

- Бұл қарыздардың көбі бұрнағы жылдардан бері қордаланған сомалар. 2018 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын төлеу мерзімдері 2019 жылғы 1 қазанға келеді. 2018 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2018 жылдың 31 желтоқсанында өтіп кетті, ал 2019 жылға көлік салығын 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажет. Қазір жазғы маусым. Демалыс уақыты басталғаннан кейін көптеген адам шетелде демалуды жоспарлайды, сонда салық берешегі болған жағдайда оларға шетелге шығу қиындық туғызады. Сондықтан, жеке тұлғалар салық бойынша берешектің бар-жоғын тексеруі қажет. Ең дұрысы салықты уақтылы төлеу, -дейді Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменты басшысының  орынбасары Айдын Сауданбеков.

Алматы облысы