• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2019

Шымкентте «Ерікті. Өлшеусіз. Риясыз» акциясы басталды

366 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің төрағалары арыстықтарға көрсетіліп жатқан көмек туралы кеңесті. Әрі, «Жақсылық жаса» жобасы аясында еріктілер тобын құру мәселесі қаралды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы еңселі елдік пен берекелі бірлік сынға түскен қиын кезеңде Арыстағы ағайынға барынша қолдау көрсетіп, қол ұшын берді. Еліміз бойынша күні бүгінге дейін жалпы құны 54 841 227 теңгені құрайтын көмек берілді. Бұл жұмыстарға алғашқы күндерден қалалық, облыстық корей, славян, ұйғыр, өзбек, түрік, татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері белсене қатысты»,  деді Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, штаб жетекшісі Мұратәлі Қалмұратов.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы М.Бесбаев «Ерікті. Өлшеусіз. Риясыз» акциясы аясында этномәдени орталықтарға арыстықтарға көмек ретінде еріктілерді көмекке баруға шақырды.  Басқосу соңында қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ассамблея атынан алғыс хат табысталды.