• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2019

Қостанайда пәтерлердің 40 проценті күзетіледі

554 рет
көрсетілді

Бұл туралы Облыстық полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімі мамандары хабарлады. Соңғы үш жылда пәтер тонау 40 процентке азайған. Пәтер ұрлығына қарсы жұмыста күзет құрылымының көмегі мол.

Қазір қостанайлықтар көбіне нысандарды пультпен күзету қызметін көбірек сұрайды. Аудан, қала орталықтарында отырған тұрғындарға да ұялы байланыстың қызметін пайдалануға мүмкіндік туды. Биыл күзетте тұрған пәтерлер саны 17,4 процентке көбейді, яғни 135 пәтер күзетке алынды.

Жыл басынан бері полицейлер жеке меншік күзет ұйымдарының қызметкерлерімен бірігіп, күзетке алынған нысандардағы 37 ұрлыққа жол бермеді. 9 қылмыстың беті ашылды, 19 әкімшілік ереже бұзғандар анықталды. Құқық бұзған 66 адам ұсталды. Цифрландыру аясында дабыл беруді мобильдік қосымша арқылы басқару күзет қызметіндегі жаңа белес болып табылады. 

Күзет қызметін бақылау бөлімі мамандарының айтуынша, қосымша тұрғындардың планшетіне немесе смартфонына орнатылады. Осы қосымша арқылы пәтер немесе басқа да нысан иесі приборды орнатуға, алуға, мониторинг жүргізуіне болады. Бүгінде осындай қызмет түріне 296 нысан иесі қосылды.

Дегенмен, полицейлер нысандар мен пәтерлердің қауіпсіз қорғалуы үшін тұрғындар күзет дабылы құралын орталық күзеттің пультіне қосқаны дұрыс деп санайды. Бұл өз мүлкін ұры-қарыдан қорғаудың ең тиімді түрі.

Қостанай