• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Шілде, 2019

Асқар Мамин Парламент Палаталарының бірлескен отырысына қатысты

419 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Парламент Палаталарының бірлескен отырысының жұмысына қатысты, онда  VI шақырылымындағы төртінші сессия жұмысын жабу туралы шешім қабылданды. 

Отырысты ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ашты. Сессия барысында барлығы 5 бірлескен Палата отырысы, Мәжілістің 41 пленарлық отырысы және Сенаттың 26  пленарлық отырысы өтті, оларда 319 маңызды мәселе қаралып, 83 заң жобасы қабылданды, оның ішіне 82-сіне Мемлекет басшысы қол қойды және олар заңды күшіне енді. 

Сессиялар кезінде қабылданған аса маңызды заңдардың қатарында 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет,  жұмыспен қамту бойынша заңға түзетулер, денсаулық сақтау, кинематография, көлік, стандарттау, мәселелері бойынша заңдар, бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелі ортаға беру мәселелері туралы заңдар бар. 

Қазіргі кезде Парламент портфелінде 34 заң жобасы бар. Олардың қатарында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс, жаңа Экологиялық кодекс, педагог статусы туралы заң жобасы бар.

Бұдан кейін заң шығарушылық қызмет ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын, әлеуметтік бастамаларын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының 10 маңызды бағытын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.