• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2019

Арыста тағы жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі

674 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігі инженер-саперлар қойманың дәл алдындағы аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан тазалап жүргенде бір оқ-дәрі жарылып, артынша өрт тұтанғанын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, өртті әскери өрт сөндірушілер сөндірген. Құрбандар жоқ, ешкім зардап шекпеген. Жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ. 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері өз жұмыстарын аяқтамайынша, жергілікті тұрғындардың арсенал аумағына жақындауына тыйым салынғанын ескертеді.