• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Шілде, 2019

Ел тарихы қамтылған фотокөрме

327 рет
көрсетілді

Елордалықтар мен қала қонақтары 1 тамызға дейін «Нұрсұлтан Назарбаев: жасам­паздық кезеңі» атты шығармашылық фо­токөрмені тамашалай алады.

Көрмеге Нұр-Сұлтан қа­ласының мемлекеттік ар­хиві, Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы, Қазақстан Суретшілер одағы және National Geographic Qazaqstan журналынан алынған бар­лығы 90-ға жуық экспозиция қойылған. Елба­сының ел басқарған 30 жылдығына арналған көрмеде 1990 жылдар мен күні бүгінге дейінгі уақытты қамтитын деректер жарияланған. Қала тұр­ғындары мен қонақтары көр­меден Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевт­ың өмірі мен саяси аренадағы ерекше сәт­терін бейнелейтін фотоматериалдарды көре алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір айдың ішінде фотокөрмеге 45 мыңнан ас­там адам келеді деп күтілуде. Көр­ме Нұржол даңғылында ашық аспан аясында өтуде.