• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Шілде, 2019

Ақтауда «Елорда – елімнің жүрегі» байқауы өтті

509 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде Елорда күніне орай «Елорда – елімнің жүрегі» байқауын өткізді.

Шара барысында мектеп жанындағы «Алау» балаларды сауықтыру лагерінен 50, «Қарлығаш» лагерінен 90 бала жиналып, сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, еліміз бен елордамыз туралы викториналық сұрақтар қойылып, ойы зерек, ұтқыр бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар берілді.

ҚР Журналистер Одағы мүшесі Задерецкая Наталья, кәсіпкер Сағытжанов Асқар, суретші Киікбай Жансая қазылық еткен сурет байқауында ерекше көзге түскен бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.

Шара соңында Достық үйінің кинозалында балаларға «Қажымұқан» мультфильмі көрсетіліп, тәтті балмұздақтар таратылды.

Маңғыстау облысы