• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:20

Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды

40 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы №15 түзеу мекемесінде болған қайғылы оқиғадан кейін 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 наурыз күні колонияда сотталғандар арасында жанжал туындап, сөз таласы төбелеске ұласқан. Соның салдарынан бір сотталушы қаза тапқан.

Оқиғадан кейін мекемеде қызметтік тексеру жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылық анықталды. Нәтижесінде колония бастығы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар басқа қызметкерлерге мынадай тәртіптік шаралар қолданылды:

6 қызметкерге қатаң сөгіс; 1 қызметкерге сөгіс; 1 қызметкерге қызметтік сәйкессіздік туралы ескерту берілді.

Жалпы алғанда, 12 қызметкер жазаланды.

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр (аса ауыр дене жарақатын келтіріп, абайсызда өлімге әкелу). Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚК-нің 370-бабы 4-бөлігі бойынша да жеке тергеу жүріп жатыр (қызметтік әрекетсіздік, ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдай).

Абай облысындағы түзеу мекемесінде сотталған азамат көз жұмды

Соңғы жаңалықтар