Астанада А.Байтұрсынов пен Қ.Аманжолов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл шектеу жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған учаске екі кезеңде толық жабылады:
– 1 мамыр сағат 21:00-ден 2 мамыр сағат 09:00-ге дейін – жолдың төменгі қабатын төсеу жұмыстарына байланысты; – 2 мамыр сағат 21:00-ден 3 мамыр сағат 09:00-ге дейін – жолдың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты.
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Мамандар уақытша қолайсыздыққа байланысты жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.
Нұрболат АМАНБЕК