• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Саясат 07 Шілде, 2019

Е.Мұхамеджан әлеуметтік желідегі білім саласына қатысты бірнеше жалған ақпаратқа байланысты пікір білдірді

1067 рет
көрсетілді

Бұл туралы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан фейсбук парақшасында жазды.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы ЖОО-ның орташа құны 350-420 мың теңгені құрайды деп жазды ол. "Біраз ЖОО-дарында осы жылғы оқу ақысы, керісінше, арзандады. Мысалы, ҚарМУ-да оқу құны 7000 теңгеге азайса, Алматы менеджмент университеті оқу ақысын 7%-ке төмендетуге ниетті. Тек кейбір ЖОО-дары оқу ақысын шамамен 4-8%-ға арттырды. (Оқу ақысын арттырған ЖОО-дары: ЖМУ - 4%, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ - 8-10%, Каспий қоғамдық университеті - 10%, Абай атындағы ҚазҰПУ - 1-2%, ХҚТУ - 8%, Қарағанды медициналық университеті - 3%, ҚазҰҚПУ - 7%). Ол студент пен университет арасындағы келісімнің нормаларына сәйкес. Көптеген ЖОО-дары оқу ақысын өзгеріссіз қалдырды. Мысалы, Сәтбаев университеті, ПМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, ЕТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, Тұран-Астана, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Қарағанды экономикалық университеті, Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – IITU, Семей қалалық медицина университеті, ҚазҰАУ және т.б.", делінген ақпаратта.