• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2019

Павлодарда 144 отбасы пәтер алды

312 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Дүйсенов көшесі, 138/1 мекенжайы бойынша 2 тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлердің құрылысына «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тапсырыс берді.

Ал,құрылысты  «БЕКАС»  ЖШС-і «ГСУ Құрылыс» және «СТРОЙ-ТЕХ» серіктестіктерімен бірлесіп жүргізді. Жаңа пәтерлердің иелеріне кілттерді облыс әкімі Болат Бақауов табыстады.  

Пәтер алушылардың қатарында көп балалы Қуат пен Жазира Құсбековтердің отбасы бар. -Әрине, біздер үшін қуаныш. Отбасымыз көптен күткен пәтерге ие болдық, – деді Қуат Құсбеков. 

Сонымен бірге, бұл үйдегі 20 пәтерді «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС  мұнайшылар үшін сатып алған. Бұған дейін өңірдегі Ақсу, Екібастұз қалаларында  70 көпбалалы отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды.

Жалпы, биыл облыстағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға 3 млрд теңге қарастырылды.

Павлодар

Суретті түсірген Валерий Бугаев