• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Шілде, 2019

Универсиада-2019: Қоржында 4 жүлде бар

339 рет
көрсетілді

Неапольда (Италия) өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан спортшылары ел қоржынына бүгінге дейін төрт медаль салды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Универсиаданың екінші күнінде дзюдошы Ғалымжан Қырықбай студенттер ойынының чемпионы атанды. Жарыстың финалдық белдесуінде Ғалымжан франциялық Хадриен Ливольсиді жеңіп, алтыннан алқа тақты. Қола жүлде – Өз­бекстан және Нидерланд спортшыларының енші­сінде. Сондай-ақ стенд атушы Сәрсенкүл Рыс­бекова мергендер арасында үшінші орын иеленіп, Универсиаданың қола жүлдегері атанған.

Сонымен қатар үшінші жарыс күнінде гимнасшылар Нариман Құрбанов пен Милад Каримов ел қоржынына күміс медаль салды. Гимнастикалық ат снарядындағы жаттығудан сынға түскен Нариман іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтаған еді. Финалда ол 14,700 ұпай жинап, күміске қол жеткізді. Ал спорттық гимнастикадан бәсекеге түскен Карими кермедегі жаттығуда 14,675 ұпай жинап, екінші орын иеленді.