• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Шілде, 2019

Токиода ауыр атлетикадан Олимпиада қарсаңындағы тестілік турнир аяқталды

247 рет
көрсетілді

Жапония астанасы Токиода ауыр атлетикадан Олимпиада қарсаңындағы тестілік турнир аяқталды. Аталған сынға Ибрагим Берсанов пен Илья Ильин қатысып, жүлделі орыннан көріне алмады.
109 килоға дейінгі салмақта сынға түскен қос спортшы да үздік бестіктің де қатарына кіре алмады. Берсанов қоссайыс қорытындысы бойынша 376 кило зілтемірді бағындырып, алтыншы орын иеленді. Илья Ильин 365 киломен 8-ші сатыға тұрақтады. Ерлер арасындағы сынға барлығы 9 атлет қатысқан.  Ауыр атлеттер додасында 406 килоны еңсерген қытайлық Янг Же топ жарса, екінші және үшінші орынды Ресей мен Корея спортшылары иеленді.