• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2019

Оқушылар қазба жұмыстарына қатысты

413 рет
көрсетілді

Өңірдің 8-10 сыныпта оқитын 160 оқушысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі Алтайым – туған жерім» археологиялық жазғы мектебіне қатысып, Елеке сазы және Аблайкит қазба орындарын тамашалап қайтты.
Құр тамашалаған жоқ, белгілі археологтармен бірге өздері де қорғандарды қазу жұмыстарына атсалысты. Елеке сазы қорымында балалар тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология ка­федрасының меңгерушісі, археолог Ғани Омаровпен танысып, емін-еркін әңгіме-дүкен құрды. Өздерін тол­ғандырған сұрақтарын қойды. Ал XVII ғасырда салынған Аблайкит бекінісінде Ә.Мар­­ғұлан атындағы Архео­­ло­гия институтының ғы­лы­ми қызметкері Ерлан Қа­­зи­зов пен Жапонияның Нан­тэ университетінің тарих жә­не география профес­соры Марк-Оливер Пе­ру­дің жетекшілігімен жас зерт­­­­­теушілер қорғанның сыртқы және ішкі қабырғасы бо­йын­дағы қазба жұмыстарына қа­тысты. «Өңіріміздегі ежелгі қорғандарды қазу кезінде әлем ғалымдарын таңғалдырған сенсациялық ғылыми-архео­логиялық жаңалықтар ашыл­ғаны мәлім. Археология әдіс­терін зерттеу балалар үшін де өте қызық. Мұндай шара жас ұрпақты туған өлкенің мәдени-тарихи мұрасымен ке­­ңінен танысуға мүмкіндік береді», дейді «Дарын» өңір­лік ғылыми-практикалық ор­талығы директорының мін­детін атқарушы Гауһар Рахым­жанова.