Аға буын мен жас ұрпақтың үндесіп сабақтасуының үлгісіндей болған «Ұлы дала мұрасы – ұрпаққа аманат» атты басқосу барысында жазушы, этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениет университетінің доценті, Салт-дәстүр академиясының профессоры, Досымбек Қатран, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті, журналист Жаңыл Әпетовалардың тақырыптық мәдени-ағартушылық лекторийлерін, қнер зерттеушісі, жыршы-термеші Әбіш Әділбеков әсем әнмен жалғап, «Таланттарды таныту» шарасына ұласты.
Болашағынан мол үміт күттіретіндәстүрлі әнші Қостыбай Қажыби, қобызшылар Жадыра Нарманбетова, Гүлзира Шаяхметова, домбырашы Азамат Бекеновтер шараны әнмен әрлеп, күймен тербеді. Буккроссинг шарасында аудан кітапханасының кітап қоры, шараға жиналғандармен қатар, жазушы-этнографтар Жұмабай Баяхмет, Болат Бопай және ақын Дәулетбек Байтұрсынұлының өз қолдарымен әкеліп тапсырған авторлық кітаптарымен толықты. BookDating шарасы осы авторлық кітаптардың таныстырылымына ұласты. «Рухани жаңғыру» күніне аудан тарапынан қатысқан Талғар ауданының мәслихат депутаты, ақын Әбдіғани Бәзілхан, Талғар аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Фарида Бегембаева, Талғар қаласының Орталық кітапхана директоры Махамбет Қармысов,Талғар аудандық мәдениет үйінің директоры Берік Шағаев, «Қызылқайрат» ауылдық мәдениет үйінің директоры Кеңес Баймұханов, «Қазақ тілі» қоғамының әдіскері Гүлнар Мамырбаева, «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі Жанна Третьяк өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өткен халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының мақсаты азматтарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жұмыстарына тарту, жергілікті ұйымдармен меморнадум жасасып, әрі қарай бірлесе жұмыс істемекпіз. Мұндай іс-шараларды республиканың Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында да жалғастыруды жоспарлап отырғандығымен бөлісті топ жетекшісі Жаңыл Әпетова.
АЛМАТЫ