• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2019

World Robot Olympiad – «Ақылды қалаға» арналды

675 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында өткен бұл чемпионатты «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының бас орталығы ұйымдастырды. Биыл сәуір айында өңірде өтіп жатқан жарыстың аймақтық кезеңін жұмыс сапарымен облысқа келген кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көрген еді.

Ұлттық чемпионат жыл сайын Назарбаев зияткерлік мектептері өткізетін робототехника бойынша WRO халықаралық кезеңінің іріктеу туры саналады. Жарыс «Негізгі», «Шығармашы­лық», «Роботтар футболы» және «Jasampaz» деп аталатын төрт бағыт бойынша өткізілді.

Роботтық техникалар сайысына қатысқан 240 оқушы Үздік робототехник атағы үшін өз шеберліктерін, біліктіліктерін сынға салды.

 Қатысушылардың жасы – 17 жасқа дейін, ең жасы – өскемендік Әмір Жаңабаев 8 жаста. Жыл сайын ауылдық жерлерден қатысатын жас робототехниктер саны көбеюде.

Биыл WRO-ға Майқайың кенті­нен, «Robotech» Алматы облысы, Ала­көл ауданы Жыланды ауылынан «RoboReBoot» командалары қосы­лыпты.

Ал биылғы робототехникалар сайысының тақырыбы – «Ақыл­ды қалалар» – «Smart City».  Сондық­тан сайысқа қатысушы оқушы­лар­дың барлық жобалары қала өмірін­дегі «Ақылды техно­ло­гияларға» арналды.

 Қазылар алқасы назарына жаңа қала құрылысы ерекшеліктері, «ақыл­ды» автотұрақтар мен дәрі­хана­лардың жобалары, экология, көше қауіпсіздігі басқа да өзекті мәсе­лелерді шешуге бағытталған жоба­лар таныстырылды.

Робототехника құрастырушылар жоба­ларын «Ақылды қалалар» тақы­рыбына арнап, болашақтың қала­лары қандай болу керектігін жасап көрсетті. Мысалы, жарыстың 6 жастағы қа­ты­сушылары Жаңаөзен қаласы­нан келген Еркін Орынбасар, Сұланбек Абдрахман «Ақылды автотұрақ» жобасын таныстырды.

Жобаның жетекшісі Мұхаммет Бақытжанның айтуынша, Еркін мен Сұлтанбектің робототехникаға деген қызығушылықтары ерекше. Екеуі де «Robocode» орталығында робототехникасымен шұғылданады.

Ал кішкентайлар жасаған «Ақылды автотұрақ» көлік келгенде өздігінен ашылады. Жүргізушілер үшін қыста су қатып қалып, мотор­дың қызбай қалуы сияқты қиын­дықтар тудырмайды. Бір температураны сақтап тұру үшін арнайы желдеткіш жасалған.

Павлодар зияткер­лік мектептің оқушылары Дария Бай­ғожина, Рысгүл Серікбаева кок­тейль, бургер, кексты өзі дайын­дап бе­ретін «Ақылды дәмхана» құрас­тырған.

– Автоматты дәмхана жаса­дық, ішіне керек азық-түлікті салса­ңыз машина өзі-ақ сізге дайын тамақ жасап береді, – дейді қыздар.

Байқау барысында талды­қор­ғандық оқушы Элина Пак болса, «Ұстаз роботын» таныстырды.

– Каллиграфия және түрлі сурет салатын робот ұстаз қимыл арқылы ма­те­матикадан сабақ береді, – дейді ол. – Робот шеңбер, балапан, үй және төртбұрыш сияқты гео­метриялық фигураларды сала алады.

– Диас Жаһангер екеуміз Шым­кенттегі зияткерлік мектебінде оқи­мыз. Бұл жарысқа біз «Қала көше­леріндегі қауіпсіздік шараларын реттейтін» жаңашыл жобалар дайын­дап әкелдік. Қауіптің алдын алу үшін көліктердің жылдамдығын өлшейтін қажетті құрал жасадық. Құрылғы қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікті бірден анықтай­ды да, жаяу жүргінші жолын өзді­гінен жауып тастай алады,– дейді Дүйсенғалы Мұхаметжан.

Павлодардағы Назар­баев зияткерлік мектебінің дирек­торы Ринат Жұмабаевтың айтуынша, биыл чемпионат өт­кі­зуде бір­қатар жаңашылдықтар ен­гізіл­ген. Чем­пионат алғаш рет біз­дің об­лыс орталығында өткізіліп, тіке­лей онлайн-трансляция арқылы көрсетілді.

Чемпионатқа халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары – зияткерлік мектеп­тің талантты оқушылары Yakutsk International Science Fair-2018 гран-при иегері Нұрдәулет Таумергенов, әлемдік 10 үздіктің қатарына енген Софья Кокорина қатысты.

Сөйтіп WRO чемпионаты қоры­тындысы бойынша Үздік команда абсолютті чемпиондықтың арнайы кубогын – Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Зият­кер­лік мектебі иеленді.

 Бұл мектеп WRO-дан елімізде, әлем бойынша жоғары жетістіктер көр­сетіп келеді. Робототехника курс­тары жүйелі жұмыс жасауда. Чем­пионатта WRO-ның басқа да жұл­дыздары жоғары нәтижелер көрсетті.

 Былтыр Тайландта өткен дүние­жүзілік робототехникалық олимпиа­дада әлемдік топтың 10-дығына енген көкшетаулық Софья Кокорина бұл жолы да жеңіске жетті.

Шығармашылық категорияда талдықорғандық Даниил Фили­моновтың «Робот-суретші» жобасы көпшілікті таңғалдырды. Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылының «RoboReBoot» ко­мандасы ауыл мектептерін қол­дауға арналған марапатқа ие болды.

 Ал «Creativity Award» аталымы бойынша жүлде Павлодар, «Girl power» Семей, «Engineering Simplicity Honors Award» жүлделері Талдықорған қаласының зияткерлік мектептеріне берілді.

Үздік робототехника білгір­лері медальдар, дипломдар және ба­ға­лы сыйлықтармен марапатталды. Енді жеңімпаздар биыл 14-16 қарашада Будапешт қа­ла­сында өтетін WRO-2019 олим­пиа­дасының әлемдік кезеңіне қатысады.

Павлодар