• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Шілде, 2019

Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты

380 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, бұрынғы вице-министрге қатысты ақшалай айыппұл тағайындалды. Э. Суханбердиева сот залында босатылды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 9 шілде күні сот отырысы өтіп, ол өз кінәсін мойындады.