Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек twitter-дегі парақшасында жазды.
«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды»,-деп жазды Б.Байбек.
Әлібек Әлденей әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет атқарған. 2015 жылдан бері «Алматы» телеарнасын басқарды. Биыл Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған болатын.