• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Руханият 11 Шілде, 2019

Димаш Құдайберген Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды

296 рет
көрсетілді

Әнші Димаш Құдайберген Абайдың 175 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды. Әнші инстаграмдағы парақшасында Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін оқыған видеосын жүктеді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым» . Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым #dears-тарға жолдаймын» деп жазды әнші постында.   

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын.