• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2019

Атажұрттан алыстағы балалар ана тілін жақсы біледі

374 рет
көрсетілді

Қиырдағы қандастарымыз қазақ тілін қаншалықты біледі? Өзге елде өмір сүріп жатқан ағайынның ана тілімізге деген құрметі қандай дәрежеде? Атырауда өткен «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әде­биетінен халықаралық олимпиада қорытындысы жақсы көрсет­кіш­термен көңіл қуантты. Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Иран, Өзбекстан мемлекеттерінен келген қазақ балалары Атырау­да төрт күн бойы біліктіліктерін сынға салды.

– Қазақ диаспорасы өкіл­дерінің басқа елдерде тұрса да, ана тілдерін жетік меңгергендері, өз тілдерінде сөйлеп, білімдерін жетілдіретіндері анық көрінді, –деді олимпиада жүлдегерлерін марапаттау салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов. – Халық даналығында айтылғандай, өз тілін ұмытқан ұлт тамырын жоғалтады. Ұлттық құнды­лық­тарды бойларына сіңірген осындай балалар барда қазақ тілінің  болашағы да баянды.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша, бес қа­тысушы алтын медаль, 8 қаты­сушы күміс, 15 қатысушы қола медаль иеленді.

Облыстық білім беру бас­қар­масы басшысының мін­детін атқарушы Жансұлу Төре­мұратова олимпиада жүл­де­герлеріне еліміздегі бес университетте тегін оқу гранты беріл­генін айтады. Білім додасына қатысқан 62 оқушының еш­қай­сысы атаусыз қалмады. «Дарын» республикалық ғылы­ми-тә­жірибелік орталығы дәс­түр­лі түрде ұйымдастыратын білім жарысына осы жолы Аты­рау облысы әкімдігі қолдау көр­­сетті. Атажұрттан алыс­та жүр­ген қазақ балаларын ынта­лан­дыруға бағытталған шара биыл 16-шы рет өтіп отыр. Ұйым­дас­т­ырушылар өнер-білім бәйге­сінде, әсіресе Өзбекстаннан келген оқушылардың жақсы нәтиже көрсетіп, марапаттардың басым бөлі­гін жеңіп алғандарын айтты.