Халық назарындағы маңызды іске IT-компанияларды тартып, олардың қызығушылығын арттыруды көздеген шара барысында комитеттің өкілі Саян Әбдішев алға қойылып отырған міндеттер мен жоспарларды ортаға салды. «Қазір комитеттің алдыңғы кезектегі басты жұмысының қатарында – халыққа арналған медициналық қызмет көрсетуді жоғары сапалы ету жолында үдемелі цифрландыруға қол жеткізу міндеті тұр» деген Саян Әбдішев IT саласындағы бизнес өкілдері мен барлық жиналғандардың назарын аударып.
Ашық есік күнінде сөз алған Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігіндегі Цифрландыру офисінің маңызына тоқтала келе IT өкілдерімен қазіргі үдерістерді жетілдіре түсу жолдары, аутсорсингке берілетін жобалар мен біріге атқарылатын жаңа идеялар турасында ой бөлісті. «Цифрландыру офисі IT қауымдастығы тарапынан айтылатын жаңа ұсыныстар мен бастамаларды қолдауға әркез дайын. Саланы цифрландыру медицинаны дамытудың аса маңызды бөлігі, сондықтан да IT қауымдастығын әріптестік қимылға, денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бағытталған игілікті жобаларды тізе қоса әрекет етуге шақырамыз», деді.
«Егемен-ақпарат»