• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2019

Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексерді

254 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Гвардия гарнизонына барған жұмыс сапарында оқ-дәрі қоймаларын тексерді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс кезінде Нұрлан Ермекбаев өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жіті мән берді. 

Лауазымды тұлғалар қорғаныс министріне зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау тәртібі, қару-жарақтың, әскери және арнаулы техникалардың жай-күйі, сондай-ақ материалдық-техникалық құралдар туралы баяндады. 

Ведомство басшысы қойманы тексеру барысында оқ-дәрілер мен әскери техникаларды сақтау қауіпсіздігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді әрі әскери қызметшілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындаудың міндетті екенін ескертті.