• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2019

Бүгін де еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болып, жел көтеріледі

492 рет
көрсетілді

Ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы бүгін де сақталады. Тек Қазақстанның батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай, желдің күшеюі, бұршақ күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қарағанды облыстарында, күндіз Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.  Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс  Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.