• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2019

Иван Дычко қарсыласын нокаутқа жіберді

420 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (8-0, 8 КО) кәсіби рингте өзінің 9-шы кездесуін өткізді деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Холливудта (АҚШ, Флордиа штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өнер көрсетті. Ауыр салмақта 8 раундтқа есептелген жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Нэйт Хэвен (9-2, 7 КО) болды. Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді. 

Осылайша, Иван кәсіби бокстағы өзінің 9-шы жеңісіне қол жеткізді және 9 кездесуді де нокаутпен аяқтады. Ал, Хэвен үшінші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, алдында Дычко тәжірибелі бразилиялық боксшы Рафаэль Зумбаномен (39-16-1, 31 КО) шығуы керек болатын. Алайда бұл кездесу болмай қалды.