• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Шілде, 2019

Непалда су тасқынынан 43 адам қаза тапты

324 рет
көрсетілді

Непалда бірнеше күн бұрын басталған жауын-шашын толастар емес. Аймақта су тасқынынан лай көшкіні басталды деп хабарлайды "Хабар 24".

Жергілікті БАҚ мәліметінше, елдегі табиғат апатынан 43 адам қаза тапты. Тағы 24 тұрғынның тағдыры беймәлім. Өңірде көлік қозғалысы тежелді. Көпірлер қирап, ғимараттар опырылып жатыр. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Қауіпті аймақтарда мыңдаған адам бар. 

Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді, соған қарағанда жауын әлі де жауатын көрінеді.