• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2019

Оңдасын Оразалин «Baqytty bala» ІІ балалар вокалдық фестивалінің қазыларымен кездесті

316 рет
көрсетілді

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Baqytty bala» екінші балалар ашық вокалдық фестиваль-байқауының қазылар алқасымен кездесті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
   Қазылар алқасын бастап келген «Димаш-Али» продюсерлік орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев аймақ басшысына шетелдік қонақтарды таныстырып, фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына зор қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Биылғы байқауда қазылар алқасы құрамының географиясы кеңейген. Атап өтсек, Тбилисиден келген грузиннің танымал жас әншісі Tsnobiladze Nini, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, композиторы және әншісі  Эзеров Владимир Эдуардович, Х-фактор (Украина) жобасының жеңімпазы, Еуровидение байқауының Ұлттық іріктеу финалисі, бірегей дауыс иесі Аида Николайчук, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әншісі, композитор, мәдениет қызметкері Жолдасов Ұлықпан, А.Жұбанов атынлағы музыкалық колледждің оқытушысы, танымал композитор, әнші Әйтімов Марат Олжабайұлы, BATYSSOUND PRODUCTION студиясының директоры және ән әрлеушісі, Димаштың көптеген әніне саундтрек жазған Бекчурин Ерлан кездесу барысында облыс әкіміне жылы қабылдағаны үшін алғыстарын білдірді. - Бүгінгі таңда «Baqytty bala» фестиваль-байқауы облыс көлемінде ғана емес, халықаралық дәрежеге көтерілген ізгі шараға айналды. Елімізде өнерлі жандар өте көп. Өзінің зор талантымен, ерекше даусымен әлемді мойындатқан жерлесіміз Димаш Құдайбергенді өздеріңіз де жақсы білесіздер. Облысымызда жақсы дәстүрге айналған байқауға атсалысып, бүлдіршіндердің өнерін бағалап жатқандарыңыз үшін ақтөбеліктердің атынан шын жүректен алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да осы байқаудың аясын кеңейтіп, нағыз таланттарды әлемге танытатын боламыз», - деді облыс басшысы қонақтарға өз алғысын білдіріп.        Кездесу соңында аймақ басшысы шетелдік қонақтарға 150 жылдық мерейтойға арналған кәдесыйлар табыстап, қазылар алқасымен естелік суретке түсті.