• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Шілде, 2019

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев депутаттармен әлеуметтік жағдайларды талқылады

264 рет
көрсетілді

Алматы мәслихатының депутаттарымен кездесуде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бірінші жартыжылдықтағы міндеттер мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар барысын қамтыды.

Мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысын VI шақырылым хатшысы Қалдыбай Қазанбаев ашты. Басымдықты қаладағы әлеуметтік мәселелердің шешілуі барысымен байланыстырған қала әкімі тұрақты экономикалық ахуалға назар салды. Бүгінде қала бойынша барлық экономикалық көрсеткіштер тұрақты. Негізі басымдықты салалар – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс жүйесінде 6 ай қорытындысы бойынша экономикалық индикатор 104 пайызды, яғни  инвестиция көлемі 8, өнеркәсіп өндірісі 5,2, құрылыс 3,9, тұрғын үй 2 пайызға өскен. Салық есебінен 1 трлн теңге жиналып, 10 пайыз өсімді көрсетіп отыр. Шағын және орта бизнес нысандарының өнімі 9,8 пайызға артқан.

Қала әкімі басты назарда тұрған жұмыссыздық мәселесіне назар аударды. Азық-түлік бағасының қымбаттығы, коммуналдық төлемдерді жоғарылығы, баспана тапшылығы, медицина сапасының төмендігі, экология сияқты адам өмірі үшін маңызды мәселелерге назар аударды. Осы орайда жұртшылық алдында жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс істеудің тиімділігі мен әделетті жүзеге асуына көңіл бөлген мегаполис басшысы  алдағы жұмыстың қалай өрбитінін атап өтті.   Бақытжан Сағынтаев атқарылатын жұмыстар қала тұрғындарының өмір сапасы, табысының жорғары болуына бағытталатындығын айтып, шексіз қала негізінде жұмыс істейміз деп атап өтті. Яғни, қаланы орталығы мен шет аудандарынан бөле-жара қарауға болмайды. Қала шетіндегі тұрғындарға орталықтағы мүмкіндіктер қолжетімді болуы тиіс.

АЛМАТЫ