• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2019

Қоқыс өңдейтін мекемеде болды

206 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде «Green Recycle» қоқыс қалдығын өңдеу кешенінде болды.
Өткен жылдың қыркүйек айында ашылған бұл мекеме қаланың Алатау ауданына орналасқан болатын. Жалпы аумағы 7 га жерді алып жатқан қоқыс қалдығын өңдеу мекемесі жылына 550 мың тонна қалдықты өңдеуге мүмкіндік беретін италиялық технологиямен жабдықталған.

Инвесторлармен ұзақ мерзімге жасалған келісім-шарт бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынып, бүгінге дейін 5,4 млрд теңге жұмсалған. Ал­ғаш­қыда 530 тұрақты жұмыс ор­ны ашылған болса, олар­дың қатары бүгінде 600-ге жетіп отыр. Мекеме жұ­мыс­шыларына тегін тамақ, арнаулы киім-кешек, тегін көлікпен тасымалдау сияқты жеңілдіктер қарастырылған.

– Қаланың сегіз ауданынан күніне 1 тонна 100 кило қоқыс қалдығы жеткізіледі. Қоқыс қалдығын сұрыптау бөліміне 4 жолақ қойылған. Барлық қоқыс қалдығы осы жолақ арқылы сұрыптау цехына өтеді. Қоқыс қалдықтары картон, шыны, пластик, целлофан, темір-терсек болып бөлініп, арнайы қойылған орындарға жөнелтіледі. Әбден қат­талып, ықшамдалған қал­дық­тардың дені Ресейге жө­нелтіледі, дейді «Green Recycle» ЖШС директоры Дмитрий Данильченко. 

«Егемен-ақпарат»