Мәртебелі меймандарға Қызылжар өңірінің экономикалық әлеуеті таныстырылып, инвесторларға қолайлы жағдай жасалатыны, аграрлы өлкенің құнарлы жерін тиімді пайдалану тәжірибесі ортаға салынды.
« Мұхиттың арғы бетіндегі алпауыт мемлекеттің ауыл шаруашылығы техникасы бәсекеге қабілетті екенін жақсы білеміз. Егіс алқаптарында “John Deere” фирмасының техникалары кеңінен қолданылады. Алдағы уақытта аталмыш фирма өз филиалын ашуға ниет танытса деген ойымыз бар. Біздің өңір тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, ауыл шаруашылығы техникасына сұраныс үлкен. Тіпті, Ресейдің Сібір аймағына жіберуге де жол ашылар еді. Сонымен қатар егіс алқаптарының өнімділігін арттыруда, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауда тәжірибе алмасқымыз келеді»,деген өңір басшысы жергілікті аграршылар жаңашылдықтарды толық игере алмай отырғанын жеткізді.
Қызылжар өңірінің табиғаты, облыс орталығының тарихи сәулеті көз тартатынын айтқан АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер қос тараптық іскерлік байланыс орнатуына ниетті және қолдау танытуға әзір екенін айтты.
Солтүстік Қазақстан облысы