• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2019

Қызылорда облысында республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

318 рет
көрсетілді

Акция басталғалы мобильді пункттерге 100-ден аса тұрғын келіп, түрлі мәселелер бойынша кеңес алды.

Облыс бойынша 11 мобильді қабылдау пункттері, ал облыс орталығы Қызылорда қаласында 2 мобильді қабылдау пункттері қызмет етуде.

Екі күнге жоспарланған акцияда Полиция департаментінің басшылығы, Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция қызметі және Көші-қон қызметі басқармалары, сонымен қатар Қызылорда қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларынан құралған арнайы мобильді топтар белгіленген жерлерде тұрғындарды қабылдау жүргізуде.

Сондай-ақ акция барысында облыс тұрғындары департаменттің ресми әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.