• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2019

Қызылордада алты айда 262 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды

449 рет
көрсетілді

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Жалғасбаев өңірдегі мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында айтты.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларымен мекемелер мен кәсіпорындарда есепті мерзімде 214 тексерулер жүргізіліп, қорытындысымен 262 заң бұзушылық анықталды»,- деді Е. Жалғасбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, еңбек саласындағы заң бұзушылықтардың 163 (62%) жеке кәсіпкерлік субъектілерінде, 99 (38%) мемлекеттік мекемелерде орын алған. Оларды жою және алдағы уақытта болдырмау жөнінде 139 нұсқама беріліп (жеке кәсіпкерлер субъектілеріне – 99, мемлекеттік мекемелерде – 40), оның 129 (93 %) орындалған. Қалғандары орындалу сатысында екен.

Қызылорда облысы