Көкшетау қаласында өткен чемпионат кубогын иелену үшін Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және республиканың 14 облысының командалары жеті кезең бойынша өзара күш сынасты. Олардың ішінде «Визит карточкасы», «Newspaper-Billboard», «Алғашқы көмек көрсету», «Өрт эстафетасы», «Акваториядағы құтқару жұмысы» секілді жарыс шарттары болды. Ыстық ауа райына қарамастан жас балғындар өте жақсы өнер көрсетті. Өрт қауіпсіздігі бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Жергілікті жерді бағдарлау, картография және халықаралық қауіпсіздік белгілері сынынан мүдірмей өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша чемпионаттың алтынын Қазақстан құрамасы жеңіп алса, күміс Ресей Федерациясы командасына, ал қола Өзбекстанның жас құтқарушыларына бұйырды.
Ал, 14 облыстан бірінші орынды Солтүстік Қазақстан спортшылары иеленді.