• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2019

«Атамекен» ҰКП жастарды бизнес әліппесін игеруге шақырады

395 рет
көрсетілді

«Атамекен» ҰКП қолдауымен еліміздің барлық өңірлері бойынша 17 шілдеден бастап «Жас кәсіпкер» жобасының бастау алғаны туралы бұдан бұрын да хабарлаған едік. Жас отбасылар, сондай-ақ аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18-29 жас аралығындағы еңбекке жарамды мүгедектер мен NEET санатындағы жастар мақсатты аудиториясы болып табылатын жобаның мақсаты жастарды кәсіпкерлік қызметке жаппай тартуға, кәсіпкерлік идеяларды іріктеу мен қолдауға, бизнес дағдыларды игеріп, кәсіпкерлік қызметті дәріптеуді көздейді.

Қазіргі кезде «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы легіне қатысуға мыңнан 1200-ге жуық алматылықтар тілек білдірген. Ендігі кезекте жоғарыда атап өткен санаттағы ұсыныстармен қатар мектеп, колледж және университеттер түлектері арнайы тестілеуден өтетін болады. Жоба жетекшісі Қуанышбек Ерниязовтың айтуынша, жоба Алматы қаласымен қатар еліміздің барлық өңірлерінде өтетін болады. «Бастау» жобасының негізінде қолға алынған  бағдарлама 18-29 жас аралығындағы қыз-жігіттерге бағытталып отыр. Алматы қаласы бойынша «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша оқытылатындар саны желтоқсан айына дейін 3200 болса, «Бастау» бағдарламасы бойынша 6400 адамды оқыту жоспарланған. Жобаға қатысқан түлектер өздерінің іскерлік дағдыларын дамыту арқылы бизнес жоспар әзірлейтін болады. Осы бизнес жоспар арқылы жобаға қатысушы жастар өз бизнесін ашуға грант түрінде бастапқы 200 АЕК (505 мың теңге) – 8000 АЕК-ке дейін 6 пайызбен жеңілдетілген несие алады. Барлық қатысушыларға 19 753 теңге шәкіртақы төленеді. Қазіргі кезде жобаға Алматыдағы 8 аудан қамтылып, 32 сынып ашылған.

 «Жас кәсіпкер» жобасының екінші кезеңі ағымдағы жылдың 21 тамызында басталады. Қазіргі кезде жобаның екінші кезеңіне құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Қатысушылар жеке куәлігінің көшірмесін, мекен-жай анықтамасы және жобаға қатысу туралы өтінімін (egov.kz) тапсыруы қажет.

Құжаттарды қабылдау Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы (Жібек жолы көшесі, 135, Амангелді көшесінің қиылысы, 2-блок, 8-қабат) және http://atameken.kz/kk/news/32541-v-almaty-ob-yavlyaetsya-nabor-uchastnikov-na-proekt-zhas-kspker сілтемесі бойынша жүргізіледі.

 

 АЛМАТЫ