• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Шілде, 2019

Мейірім Нұрсұл­танов келесі жекпе-жегін Ресейде өткізеді

291 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіп­қой боксшы Мейірім Нұрсұл­танов (11-0, 8 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 24 тамызда өткізеді.

25 жастағы Нұрсұлтанов Ресейдің Челябі қаласында жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) пен британиялық үміткер Энтони Ярд (18-0, 17 КО) арасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады.

Қазірше отандасымыздың қарсыласы белгісіз. Ал жекпе-жек 10 раундқа жоспар­ланған. Бұл Мейірім үшін алғашқы 10 раундтық кездесу болмақ. Қазақстандық бокс­шы соңғы жекпе-жегін наурыз айында АҚШ-тың Голливуд қаласында өткізіп, Пуэрто-Рико елінің боксшысы Луис Эрнандесті төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген болатын. Айта кетейік, Сергей Ковалев пен Мейірім Нұрсұлтанов – бір менеджер (Эгис Климас) және бір промоутерлік компанияның (Main Events) өкілдері саналады.