• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2019

Мүмкіндігі шектеулі жандар шахматтан жарыс өткізді

544 рет
көрсетілді

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада шахматтан турнир өтті.

 Шахмат күніне орай  әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен турнир мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасында интеллектуалды ойынды насихаттай отырып,  олардың спорттық шеберлігін шыңдауды мақсат етеді.

Жыл сайынғы дәстүрлі шахмат додасы «Алматы спорт клубы», «Қазақстанның зағип спортшылар одағымен» бірлесе өткізіліп отыр. Турнир әйелдер мен ерлер арасында қатар жүрді. Қызықты әрі қатаң бәсекелестік жағдайында өткен додада әйелдер арасында ІІІ орынды мектеп оқушысы Сабина Ермұрат жеңіп алса, ІІ орын Нүрия Бамұратованың, І орын Любовь Виноградованың еншісіне тиді. Ал ерлер арасында ІІІ орынға  Батырхан Құрмашев, ІІ орынға Жеңіс Батыров және І орынға Мақсұт Жұмабеков ие болды.

Бұқаралық сипаттағы спорттық шараға әр жылдарда жиырмадан астам спортшы қатысып жүрген болса, биылғы жылы 11 спортшы, оның ішінде екі мектеп оқушысы қатысты. Жеңімпаздарға арнайы сый-сияпаттар мен «Ақсайнанның» тәттілері үлестірілді.

 

 

АЛМАТЫ