Қала күні және Металлургтер күні үшін «Туған күніңмен, сүйікті қалам!» атты бағдарлама дайындалды.
Мерекелік шаралар зауыттан басталды. Зауыттың орталық залында жиналған металлургтерге басшылық тарапынан құттықтаулар айтылды.
- Біздің зауыт ұжымына мақтануға болады, - деп атап өтті зауыт директоры Сергей Прокопьев. – Өйткені,біз өндірістегі өз орнымызды сақтап қалдық. Және де өндіріс көлемін, өнімділікті арттырудамыз. Зауытқа жаңа технологиялар келуде, біздің жұмыстағы мақсатымыз - өндіріс саласының қоршаған ортаға зиянын тигізбеуге үлес қосудамыз. Бұл біздің зауыт ұжымының еңбегі,-деді.
Мереке күні көптеген металлургтер «Еңбек даңқы», және «Ерен еңбегі үшін», « ERG де ерен еңбегі үшін» белгілерімен марапатталды.
Дәстүр бойынша бұл күні зауыт алдындағы «Құрмет тақтасы» қайта жаңаланды. Тақтаға жаңадан 33 өндіріс озаттарының фотолары ілінді. Бұл зауыттықтардың еңбекақыларына жыл бойы 20 пайыз қосымша қосылады.
- Бұл біз үшін жақсы серпін береді,- дейді энергожөндеу цехының жас маманы Әлібек Асан.- Біздің бұл адамдарға ұқсағымыз келеді, зауыт біздің өміріміз дегіміз келеді.
- Біз қаламызбен, зауытымызбен мақтана аламыз. Өйткені, 6,5 мың тұрғын зауыт жұмысшылары. Зауыттағы құю машиналарын, кран машиналарын, ферроқорытпа тазалағыштарды жөндеу жұмыстарын жүргізушілерді шын жүректен құттықтаймын,-дейді бас директор.
Бұл күні 450-ден астам металлургтер кәсіби мерекелерінде сыйлықтар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Олар ең жоғары өнеркәсіптік және корпоративтік наградаларға ұсынылып, құрметті атақтармен марапатталды. Мереке күнінің бағдарламасы өте қызықты өтті. Зауыттықтар отбасыларымен келіп, түрлі қызықты байқауларға қатысты.
Орталық алаңда Нұрлан Абдуллин, Айдана Меденова және ресейлік эстрада әншісі Ханналар өнер көрсетті. Мереке дәстүрлі отшашумен аяқталды.
Павлодар облысы
Суретті түсірген: Ирина Сычина