• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2019

Қостанайда террорлық әрекеттерге ұрымтал деген 500 нысан тексерілді

346 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанайда полицейлер террорлық әрекеттер үшін ұрымтал, қорғалуға тиіс деген нысандарды тексеруді жалғастырып отыр. Әрекет етіп отырған заңға сәйкес мұндай нысандар жылына кем дегенде бір рет тексерілуі тиіс. Қостанай өңірінде қауіпсіз болмауға тиіс, ұрымтал 754 нысан бар. Оған қауіпті өндірістік кәсіпорындар, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік және адамдар көп жиналатын нысандар кіреді.

Жыл басынан бері полицейлер осындай 519 нысанды тексерді. Нәтижесінде соның 107 нысаны Үкіметтің 2015 жылғы № 191 Қаулысы талаптарына  толық жауап бермейді. Негізгі талаптар видео бақылаулар мен күзеттен, профилактикалық жаттығуларды өткізуден тұрады.  Антитеррорлық сақтандыру талаптарын, қауіпсіздік ережелерін тиісті деңгейде сақтамаған,  орындамаған нысандардың 11 басшысына әкімшілік хаттама жазылып, барлығы 4,5 миллион теңге айыппұл салынды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, бизнесқұрылымдар басшыларына түсініктеме жұмыстарын жүргіздік. Оларға тиесілі нысандарда  террорға қарсы қоғаныс жұмыстарының белгіленген деңгейін атқарып отыру керектігі түсіндірілді», дейді Облыстық полиция департаментінің  экстремизмге қарсы әрекет ету басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сембин.